Ссылки доступа

Астанада кір тасы үшін үй ұсынған


Орталық Азия елдерінде кеңес кезінде шыққан спорттық кір тастарына бұрын-соңды болмаған сұраныс туды.

Әлеуметтік желілер мен хабарландыру сайттарында осындай спорттық снаряд үшін 10 мың доллар ұсынуда. Ондай кір тасы үшін Астананың іргесіндегі үйін беруге дайындар да бар.

Осындай хабарландырулар пайда болысымен, елдің көптеген азаматы алып-сатудан пайда көру үшін, кір тастарын сатып ала бастаған.

Қазақстанның Маңғыстау облысында кір тастарын үйден ұрлау оқиғалары да тіркелген. Адамдардың осындай кір тасын сатудан пайда тапқаны туралы нақты дерек жоқ. Есесіне, ондай кір тасын алдын-ала сатып алып қойып, енді өткізе алмай жүргендер туралы ақпарат кездеседі.

​Қазір кір тасын көп ақшаға сатып алатындары туралы хабарландырулар сирек, керісінше, спорттық снаряд сататындары туралы жарнама көбейген. БАҚ өкілдері бұл кәдімгі алаяқтықтың бір түрі деп топшылайды.

Бір ай бұрын осындай жағдай Тәжікстанда болған еді. Ол жақта да белгісіз біреулер кеңес кезінде шыққан кір тастарын 10 мың долларға дейін ақшаға сатып алатындары туралы хабарландырулар таратқан болатын.

XS
SM
MD
LG