Ссылки доступа

Ташкентте тіркеусіз үй сатып алу мүмкін емес


Президент Ислам Каримовтың 10 ақпандағы бұйрығы бойынша жылжымайтын мүлікті сату және сатып алуға өзгерістер енді.

Бұдан былай астанада немесе Ташкент облысында орналасқан жылжымайтын мүлікті аукцион арқылы сатып алуға, тек Ташкент немесе Ташкент облысында тұрақты тұратын тұрғындар мен олардың өкілдері ғана қатыса алады.

Өзбек заңы бойынша, елдің өзге өңірінің тұрғыны тұрақты тіркеу құжатынсыз Ташкенттен үй сатып ала алмайды.

Ташкенттегі тұрақты тіркеу елдегі 12 түрлі топқа жататын азаматқа беріледі. Бұл санаттарға кірмейтін азаматтар астанада тек уақытша тіркеу қағазымен ғана тұруға рұқсат алады. Уақытша тіркеу былтырғы жылдың аяғында тоқтатылды. Бұл әлеуметтік желілерде ең көп талқыланған тақырыпқа айналып, биылғы жылдың ақпан айының соңында астанада уақытша тіркеу қағазын беру қайта жалғасты.

XS
SM
MD
LG