Ссылки доступа

Әлемдік төрт держава Сириядағы уақытша бітімді бақылауға уәде берді


Франция президенті Франсуа Олланд өзінің елі және АҚШ, Германия, Ұлыбритания Сирияға қатысты уақытша бітімді жіті бақылаймыз деп мәлімдеді.

Олланд сонымен бірге төрт державаның лидерлері уақытша бітімнің шарттарын талқылағаннан кейін, Сириядағы гуманитарлық дағдарысқа нүкте қоюға шақыру жөнінде мәлімдеме жасағанын хабарлады. Әлемдік лидерлер Сирия президенті Башар Асадқа гуманитарлық жүктерді жеткізуді қамтамасыз етуге шақырды. Франция президенті бұл мәселеге қатысты Асадтың одақтастарына, Ресейді қоса қысым жасау керектігін атап өтті. "Олай болмаған жағдайда босқындардың үдеуі одан сайын өрши түседі", - деп атап өтті Олланд.

Уақытша бітімді талқылау алдында АҚШ мемекеттік хатшысы Джон Керри Сириядағы соғысты бұдан әрі созуға болмайтынын, себебі бұл елдің территориалдық тұтастығы сақталмай қалуы мүмкіндігін де ескертті.

Алдын сейсенбі күні Сирия президенті Башар Асад 27 ақпанда күшіне енуі тиіс уақытша бітімнің шарттарын қабылдаған. Бірақ Дамаск егер үкіметтік күштерге қарсы шабуыл жасалған кезде қарсы жауап беру құқығын қалдырды.

XS
SM
MD
LG