Ссылки доступа

Amnesty International Тәжікстандағы оппозицияның қуадалануына алаңдайды


Amnesty International (Халықаралық амнистия) Тәжікстан адам құқықтары жөніндегі көрсеткіш бойынша, 2015-2016 жылдары "ерекше назар аударатын" топқа ілінгенін мәлімдейді.

Халықаралық ұйым жылдық есебін таныстыру барысында Тәжікстанда оппозицияны қудалау үдеп кеткенін атап өтті.

Ұйымның мәліметі бойынша, өткен жылы бірнеше саяси белсенділерді шетелден ұрлап әкетіп, Тәжікстанға жеткізіліп, оларды діни экстремизммен айыптаған.

Былтыр қыркүйек айында Тәжікстанның Жоғарғы соты Исламның жаңаруы партиясына тыйым салып, саяси кеңесінің 13 мүшесін тұтқындаған болатын.

Amnesty International ұйымының мәлімдемесі бойынша, Тәжікстанда зорлық-зомбылық көрсету әдеттегі жағдайға айналып кеткен. Мәселен, адвокат Бузургмехр Еров өзін тұтқындау алдында тыйым салынған Исламның жаңаруы партиясының төраға орынбасары Саидумар Хусайнді ұрып-соғып, азаптағанын жариялаған.

Ұйым 2015 жылы Тәжікстанның заңгерлері үшін өте күрделі болды дейді. Жылдың басында заңгер Шухрат Кудратов тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды.

Amnesty International сонымен бірге елде сөз бостандығының шектеулі екендігіне алаңдайтынын да мәлімдеді. Өткен жылы бірнеше әлеуметтік желілер мен жаңалықтар сайты жабылған. Билік бұл шешімдерін әлі күнге дейін түсіндірмей келеді.

XS
SM
MD
LG