Ссылки доступа

AI: Қазақстандағы адам құқығы нашарлап кетті


Amnesty International халықаралық ұйымы өткен жылы Қазақстанда адам құқықтарының жағдайы күрт нашарлап кетті деп мәлімдеді.

Құқық қорғаушылар Қазақстанда 2015 жылдың қаңтар айында "араздықты қоздыру" бабы енген жаңа Қылмыстық кодекстің қабылданғанын атап өтті.

Ұйымның баяндамасында азаматтық белсенділер Серікжан Мамбеталин мен Ермек Нарымбаевтардың қазан айында әлемуеттік желіге даулы кітаптың үзіндісін жариялағандары үшін, "араздықты қоздырды" деп айыпталғанын, кейін "өкініш білдіргеннен соң" босатылғаны айтылған.

​AI Қазақстандағы адам құқықтарының ахуалы төмендегенін үкіметтік емес ұйымдар туралы заңдарға өзгерістер енгізгенімен де байланыстырады. Онда Астана Ресейдің үлгісімен шетел қаржыландыратын үкіметтік емес ұйымдарға сенімсіздік танытып, қаржыландыру үшін ортақ оператор құрған.

XS
SM
MD
LG