Ссылки доступа

Қырғызстандықтар әлемнің 58 еліне визасыз бара алады


Қырғызстан азаматтары биылдан бастап әлемнің 58 еліне визасыз бара алады. Henley & Partners компаниясының сайтында әлемнің 200 еліне барудың тәртібін көрсеткен.

Онда Қырғызстан 2016 жылдың визалық шектеу индексі бойынша 79-орынға шыққан.

ҚР СІМ сайтында әлемнің 45 елінің азаматтары үшін Қырғызстанға визасыз келуге болатыны көрсетілген. Билік тарапынан мұндай талап елге инвестиция мен туристерді көптеп тарту мақсатында жасалынған.

Henley & Partners компаниясының рейтінгісі бойынша, 2016 жылдың лидері Германия. Бұл елдің азаматтары әлемнің 177 еліне визасыз саяхат жасай алады. Әрі қарай Швеция, Финляндия, Франция және Испания елдері көш бастайды.

XS
SM
MD
LG