Ссылки доступа

Өзбек шекарашылары қырғыздарға айдап әкетілген малды қайтарды


2016 жылдың қаңтар айында қырғыз азаматтарына Кум-Бел Араван ауданынан Өзбекстанға айдап әкетілген 100 қой қайтарылды.

Бұл жөнінде Мемлекеттік шекара қызметінің БАҚ және қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімі хабарлады.

2016 жылдың қаңтар айының басында белгісіз төртеу 332 малдың басын Қырғызстаннан Өзбекстанға айдап әкеткен. Шекара қызметінің өкілдері өзбек тарапына хабарласқанында, малдың жартысын Көкбел елді мекенінен тапқандығы анықталған.

2016 жылдың 10 қаңтарында өзбек шекарашылары 146 қойды қайтарған.

Іздестіру шаралары кезінде малды ұрлаған адамдарды тапқан. Олардың екеуі қырғыз азаматы, біреуі — өзбек, енді бір өзбек азаматына іздеу жарияланған.

XS
SM
MD
LG