Ссылки доступа

Босния мүфтиі ИМ айбатынан қорғауын сұрады


Босния мұсылмандарының лидері Хусейн Кавазович биліктен Ислам мемлекетінің (ИМ) айбатынан қорғауды сұрады.

"Біз билік институты бұл мәселеге салмақты қарайды деп үміттенеміз", делінген Кавазовичтің мәлімдемесінде.

Бұл мәлімдеме босниялық ақпарат құралдары ИМ өкілінің Кавазовичтің "тамағын кесемін" деген видеосын жариялағаннан кейін жасалған. FTV қоғамдық телеарнасы видеода босниялық мұсылман Амир Селим екенін, оның 2014 жылдан бері Сирияға кетіп, ИМ қатарына қосылғанын айтады.

Боснияның қауіпсіздік министрі Драган Мектич Кавазовичті қорғау үшін шешім қабылдайтынына уәде берді.

Өткен жылы қараша айындағы 130 адамның өліміне әкелген Париждегі терактіден кейін Кавазович исламдық экстремистік ұйымдарды бірнеше рет сынға алған. Биліктің мәліметі бойынша, Сирия мен Ирактағы ИМ құрамына қосылған 200 босниялықтың елуі еліне қайтқан, жиырма алтысы соғыста қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG