Ссылки доступа

Тәжікстанда Сирияға аттанған "жиһад" әйелге үкім шықты


Душанбеде Исмоили Сомони атындағы аудандық сот 34 жастағы әйелді Сириядағы соғысқа қатысқаны үшін 13 жыл бас бостандығынан айырды.

34 жастағы Душанбе тұрғыны Зарина Сардорова Сириядағы соғысқа қатысып, жастарды "жиһад" қатарына шақырғаны үшін 13 жыл түрме жазасына кесілді. Тәжікстанда бірінші рет әйел адамды терроризм үшін жазалап отыр.

Судья Журабек Ширинзода үкімді оқыған кезде, екі баланың анасы Зарина Сардорова өткен жылы Түркияның Гозиёнтепп шекара бекеті арқылы Сирияға барғанын айтты. Сирияның Дайр-ул-Зар провинциясында сегіз ай болған. Кейін онда соғыс үдеп кеткеннен кейін Зарина Сардорова қолындағы 600 доллар ақшасымен Түркия арқылы Душанбеге оралады.

Тергеу барысында Зарина Сардорованың "Одоклассники" желісі арқылы Парвина Аминова деген бүкеншік атпен парақша ашып, жастарды жиһадқа шақырған екен. Онда ол қолына қару ұстаған өзінің суретін жариялаған. Кейін ол интернет арқылы Маърифат деген әйелмен танысып, Түркияға аттанады.

ІІМ мәліметінше, Зарина Сардорова бір уақытта екі ер адаммен бірге тұрған. Сирияға барған соң, үшінші рет тұрмысқа шығады.

Впервые в Таджикистане вынесен приговор женщине за участие в войне в Сирии
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:08 0:00

XS
SM
MD
LG