Ссылки доступа

Өзбекстанда адам азаптау асқынып барады


Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы өткен жылы Өзбекстанда адам құқығы мәселесінің күрт нашарлап кеткенін мәлімдеді.

Жыл сайынғы баяндамасында халықаралық ұйым өкілдері Өзбекстанда адамды азаптау, қинаудың әлі де кең тарағанын атап өтті.

Сонымен бірге «соттардың көп жағдайда, ұрып-соғу, азаптау және қысым жасау арқылы алынған мойындауларға сүйенгенін, мемлекетке қарсы қылмыс жасады және терроризмге қатысты деп айыпталғандардың жаза мерзімі бірден ұзартылатыны» айтылады.

Есеп авторлары былтыр наурыз айында президент Ислам Каримовтың саяси бәсекелестіктен ада болған сайлауда төртінші мәрте сайланғанына назар аударған.

Ұйым мамандары Өзбекстанда соңғы жылы экстремистерге қарсы, әсіресе Сирияға барып "Ислам мемлекеті" сапында деген күдікпен шетелден оралған еңбек мигранттарына қарсы репрессияның күшейіп кеткенін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG