Ссылки доступа

Қырғызстан футбол федерациясы жанкүйерлер арасында байқау жариялады


Футбол федерациясы Қырғызстан құрамасын қолдауға арналған үздік бейнежазбаға байқау жариялады.

Федерацияның баспасөз қызметі 10 үздік жұмыстан елдің телеарналарынан көрсетілетін, интернетте таратылатын бейнеролик дайындалатынын мәлімдеді.

Баспасөз қызметі байқауға қатысқысы келетіндер қырғыз, орыс және ағылшын тілдерінде ұзақтығы 1 минуттық сапасы жақсы бейнежазбаларын жіберуі керектігін хабарлады. Бейнежазба байқаудың аяқталып, оның нәтижелері белгілі болғанға дейін еш жерде жарияланбауы шарт. Байқауға 2016 жылдың 21 наурызына дейін өтініш беруге болады.

XS
SM
MD
LG