Ссылки доступа

Генерал Бридлав: Ресей Батыстың қарсыласы болуды ұйғарды


Еуропадағы НАТО күштерінің қолбасшысы генерал Филип Бридлав Ресей Батыстың "қарсыласына" айналуы мүмкін және АҚШ пен оның одақтастарына "экзистенциялық қауіп" төндіруі мүмкін екенін мәлімдеді.

АҚШ ӘӘК генералыы Филип Бридлав 25 ақпанда АҚШ Конгрессінің қарулы күштер жөніндегі комитетінің алдында сөйлеген сөзінде Ресейдің "халықаралық тәртіпті қайта өзгертуге тырысып отырғанын" және Еуропадағы бірлікті бұзғысы келетінін айтты.

Бридлав Мәскеу 2014 жылы Украинадан Қырым түбегін тартып алып, кейінірек жікшілдерге сүйене отырып Украинаның шығысында соғыс жүргізе бастағанда, америкалық әскери басшылықтың ішінде Ресейді ең белсенді сынаушылардың бірі болған.

Ресей АҚШ және бірқатар еуропалық шенеуніктердің өзінің Батысқа қауіп төндіріп тұрғаны туралы пікірлерін жала жабу ретінде мойындамай келеді.

XS
SM
MD
LG