Ссылки доступа

Қазақстанда "Сирияға кетпек болғандар" ұсталды


Ақтөбеде Сирияға барып, ондағы соғысқа қатысуды көздеді деген күдікпен оншақты адам ұсталған. Бұл туралы «Азаттық» радиосы хабарлайды.

Ақтөбе облыстық прокуратурасы 19 ақпан күні Сирияға аттанбақ болған 11 адамның ұсталғанын мәлімдеді.

Ақтөбе облыстық прокуратурасының сайтында жариялаған ақпаратта «Олардың барлығы Сирия Араб Республикасы аумағындағы соғыс жүріп жатқан аймақтарда қарулы қақтығысқа қатысуға кетпек болған. Қазақстан заңдарына сай бұл азаматтардың әрекеттері қылмыс болып саналады» деп жазылған.

Қазақстан билігінің дерегі бойынша, Ирак пен Сирияның экстремистердің қолындағы аумақтарға кеткен қазақстандықтардың саны 400-дің шамасында. АҚШ Контртеррорлық орталығының мәліметінше, «Ислам мемлекеті» топтарына мүше боп кеткен Қазақстан азаматтарының саны мыңға жетеді.

XS
SM
MD
LG