Ссылки доступа

Қырғызстанда Медакадемияның аппарат басшысы тұтқындау кезінде көз жұмды


Қырғыз мемлекеттік медициналық академиясы аппаратының жетекшісі Абдикарим Гапаров өзін МҰҚК жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері ұстаған кезде жүрек талмасынан қайтыс болды.

Абдикарим Гапаров 25 ақпанда өз кабинетінде академия аумағында павильон ашуға жалға орын беру үшін 30 мың сом пара алып жатқан жерінен ұсталған.

МҰҚК жемқорлыққа қарсы қызметі Гапаровты бопсалау туралы түскен шағымнан соң аңдыған. Шағымданушы павильонның жал ақысы айына 2 жарым мың сом құрайтынына қарамастан, Гапаровтың қосымша ақы төлеуден бас тартқан жағдайда павильонды басқа кәсіпкерге берем деп қоқан-лоқы көрсеткенін жазған.

Ұстау кезінде Гапаровтың денсаулығы күрт сыр беріп, есінен танып қалған. Дәрігерлердің жедел көмегіне қарамастан, Абдикарим Гапаров болжам бойынша жүрек талмасынан қайтыс болды.

XS
SM
MD
LG