Ссылки доступа

Стамбулдағы өзбек имамын өлтіруге 200 мың АҚШ доллары төленген


Стамбул сотында Абдулла Бухари деген атпен белгілі болған 39 жастағы өзбек имамы Мирзаголиб Хамидовтың өліміне қатысты жаңа деректер ашылды.

Сот барысында «Тигран Капланов» деген лақап атпен танымал Умид Аминов кісі өлтірушілерге ақша берген және қастандықты ұййымдастырушы ретінде айыпталуда.

Түріктің Yeni Shafak газеті «Тигран Капланов» арқылы киллер Элдор Асланға имам Абдулла Бухариды Стамбулдың Зейтинбурну ауданында атып өлтіргені үшін 200 мың АҚШ долларын алған. Ақшаны Өзбекстан арнайы қызметінің өкілі саналатын Собир Шукуров дейтін біреу жеткізген.

Түркиядан саяси баспана тапқан 39 жастағы имам Абдулла Бухари 2014 жылы кісі қолынан қаза тапты. Тергеу орындарының қолында кісі өлтіруге тапсырысты ресми Ташкенттің бергенін дәлелдейтін айғақ жоқ. Дегенмен Умид Аминовтың есімі швед елінде өтіп жатқан басқа өзбек имамы Обид қари Назаровқа жасалған қастандыққа байланысты сотта да айтылды. . Собир Шукуров болса өзбек оппозициясының жетекшісі Мухаммад Салихтың Стамбулдағы үйін суретке түсіріп жүрген кезінде назарға түскен.

XS
SM
MD
LG