Ссылки доступа

"Ислам мемлекеті" Facebook пен Twitter басшыларына доқ көрсетті


"Ислам мемлекеті" террористік ұйымына жақын Компьютер хакерлері тобы (Sons Caliphate Army) Facebook пен Twitter әлеуметтік желілері басшыларының атына хакерлік аккаунтарды жоюларына байланысты қоқан-лоққы жасаған.

Доқ көрсеткен 25 минөттік видеода Марк Цукерберг пен Джека Дорсидің суреттеріне мылтық тақаған. Бұл жөнінде әлемдік интернет сайттарына экстремистік белгілерді анықтау үшін мониторинг жүргізетін SITE корпорациясы мәлімдеді.

Бейнетаспада хакер-эктремистер Цукерберг пен Дорсиға аккаунттарын жойғанына байланысты шағым айтылған. Онда егер бір аккаунтты жойсаңдар, оның орнына он парақша ашамыз деген.

Хаккерлер сонымен бірге Facebook'тің он мыңға жуық жеке қолданушылардың парақшасын бұзғанын, Twitter'дің бес мыңға жуық аккаунтына зақым келтіргенін айтқан. Олар өзге аккаунттар мен парақшаларды бұзып кіріп, солардың аттарынан идеологиясын жүргізетіндіктерін ескерткен.

XS
SM
MD
LG