Ссылки доступа

Қырғызстанның экономикалық жағдайы қиын болады


2015 жылы экономиканың тұрақтылығын сақтап қалдық. 2016 жылы біраз қиынға соғады. Осылай деп Қырғызстанның премьер-министрі Темир Сариев бизнес пен инвестицияны дамытуға арналған кеңейтілген кеңесте мәлімдеді.

"Үкімет 2016 жылдың бірінші тоқсанында экономикалық өсім өте баяу жүреді деп болжайды. Екінші тоқсанда біршама оң көрсеткіш береді. Жылдың соңында болжанған деңгейге жетуіміз керек. Бұл оңайға соқпайды. Біз жұмыс орындарын ашуымыз керек. Бизнес пен инвестицияға қолайлы жағдай жасауымыз керек", - деді премьер.

Сариев 2016 жылға арналған дағдарысқа қарсы бағдарламаның нақтыланғанын еске салды.

"Жаңа қатерлерді есеп ала отырып, бизес өкілдерімен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдауды жөн көрдік. Экономикалық дағдарысқа қарсы тұрудың нәтижесі кәсіпкерлердің белсенділігіне тікелей байланысты. Үкімет олардың мәселелерін дер кезінде шешуге дайын", — деп толықтырды Сариев.

XS
SM
MD
LG