Ссылки доступа

Сирия оппозициясы:Ресей бітімгерлік талаптарын бұзуда


Сириялық оппозиция Ресейдің оқ атуды тоқтату талабын 15 мәрте бұзғанына қарамастан бітімгерлікті сақтайтынын мәлімдеді.

Жоғарғы келіссөз кеңесінің баспасөз хатшысы Салим әл-Муслат Алеппо қаласында бірнеше әуе соққысы жасаған Ресейдің әрекетіне БҰҰ мен Сириядағы бейбіт келісімдерді қолдаушы елдерге шағымданбақшы екендерін хабарлады.

Жексенбі күні Ресейдің қорғаныс министрлігі Сириядағы бітімгерліктің сақталғанына қарамастан, бір тәулік ішінде 9 мәрте оның шарттарын бұзатын оқиға тіркелгенін мәлімдеді.

Сириядағы жауласушы тараптарды татуластыру жөніндегі ресейлік Орталықтың бастығы Сергей Кураленконың айтуынша, әңгіме Латакия провинциясындағы Кбана елдімекенін атқылау және Түркия жағынан келген 100 шақты содырлар тобының өзге исламшылармен бірге Эт-Телль Эль-Абъяд қаласының бір бөлігін (Ракка қаласынан солтүстікке таман орналасқан) басып алуы туралы болуда. Ресейліктердің хабарламасында олардың шабуылын түрік аумағынан артиллерия қолдағанымен, жексенбі күні таңертең күрд жасақтарының содырларды қаладан қуып шыққаны айтылады.

XS
SM
MD
LG