Ссылки доступа

Ирандағы парламент сайлауында реформашыл күштер жеңіске жетті


Ұстамды президент саналатын Хасан Руханидың одақтастары Тегеранға округ тізімдері бойынша берілген 30 орынның бәрін жеңіп алып, елеулі жетістікке ие болды.

28 ақпанда дауыстарды санау аяқталуға жақындағанда, байсалды күштердің Иранның келесі рухани көшбасшысын таңдайтын сарапшылар Кеңесінде де жақсы көрсеткіштерге ие екендігі белгілі болды.

26 ақпанда миллиондаған сайлаушы 290 депутаттан тұратын парламентті және негізінен жасы үлкен әсіре діншіл қайраткерлерден тұратын 88 орындық Ассамблеяны сайлады.

Рухани бұрынғы президент Акбар Хашеми Рафсанжанимен коалиция құру арқылы сайлауда байыпты көзқарастағылар мен реформашылдардың бастарын біріктірді.

8 жылға сайланатын жаңа парламент елдің Жоғарғы көшбасшысы лауазымын 1989 жылдан бері атқарып келе жатқан аятолла Али Хаменейдің ізбасарын тағайындауы керек. Үміткерді сарапшылар Кеңесі таңдайды.

XS
SM
MD
LG