Ссылки доступа

Өзбек «Гитлерін» жемқор ретінде айыптауда


Ташкент облысының бұрынғы хокимі Ахмаджон Усмановқа қызмет бабын теріс пайдаланды, жұмысқа адам қабылдауда жең ұшынан жалғасушылыққа ұрынды және пара алды деген айыптар тағылды.

Өзбек билігінің өкілдері өткен аптада тұтқындалған Ахмаджон Усмановтың Өзбекстанның ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу абақтысында тергеліп жатқанын хабарлады. Оған қарсы іс ақпан айының ортасында қозғалған.

Усманов Ташкент облысының хокимі қызметінен 4 ақпанда алынды, одан соң облыстық кеңестегі мүшелігінен айырылды. Басынан бақ тайған Усмановқа өзбек ақпарат құралдары Ислам Каримовтың өзіне айтқан сындарын бастан-аяқ тізіп, есіне салды.

2006-2013 жылдар аралығында Әндіжан облысын басқарған Усмановты жергілікті тұрғындар асқан қатігездігі үшін «Гитлер» деп атап кеткен еді.

XS
SM
MD
LG