Ссылки доступа

Менің қызым Сирияға өз еркімен кетпеді дейді полковниктің әйелінің анасы


Хумайро Мирова

Хумайро Мирова

Қашқындағы полковниктің екінші әйелі Хумайро Мированың анасы Рисолат Ашурова Тәжікстанның құқық қорғау органдарынан қызын Сириядан қайтарып алуын сұрайды.

Рисолат Ашурова қызының Сирияға кетіп қалғанына сенбейді. Оның сөзінше, күйеу баласы Гулмурод Халимов "Ислам мемлекеті" (ИМ) террористік ұйымының қатарына кіргелі бері Хумайро үлкен психологиялық қысымда болған.

Тәжікстан билігі 26 ақпанда Хумайро Мированың төрт баласымен бірге күйеуінің артынан Сирияға кетіп, ИМ қатарына қосылды деп мәлімдеген болатын.

Рисолат Ашурованың айтуынша, оның ұлы Шохназар бір апта бойында уақытша тергеу мекемесінде болған. Қазір онда Хумайроның екі апасы, немере інілері милиция қызметкерлері тарапынан тергеуге алынып, уақытша қамауда екен. Құқық қорғау органдарының пайымдауынша, полковниктің екінші әйелін апалары шекараға дейін шығарып салған.

Еске сала кетейік, Тәжікстан ІІМ бұрынғы командирі, полковник, АҚШ пен Ресейдің антитеррорлық кәсіби жаттығуларынан өткен Гулмурод Халимов Сирияға кетіп, ИМ қатарына қосылған. Ол бейнебаян арқылы жасаған мәлімдемесінде Тәжікстанға "жиһад" болып оралатынын айтқан.

XS
SM
MD
LG