Ссылки доступа

Өзбекстанда ИМ-мен айыпталғандар аяусыз жәбір көреді


"Ислам мемлекеті" террористік ұйымымен байланысы бар деп сотталған Арамаис Авакянның досы Фуркат Жураевтың анасы ұлын ұрлап әкетіп, оған қарсы зомбылық көрсетті деп мәлімдеді.

19 ақпанда Өзбекстанның Жызақ облысының қылмыстық істер жөніндегі соты фермер Арамаис Авакян және оның достарына қатысты сот үкімін шығарып, әртүрлі түрме жазасына кесті. Авакянның өзі 7 жыл бас бостандығынан айырылса, оның достары Фуркат Жураевқа – 12 жыл, Бектемир Умрзаковқа – 6 жыл, Дильшод Алимов пен Акмаль Маматмуродовқа – 5 жыл 6 ай түрме жазасы берілді.

Сот үкімі шыққаннан кейін бір аптадан соң сотталған Фуркат Жураевтың анасы ұлын ұлттық қауіпсіздік қызметінің адамдары ұрлап әкеткенін айтады. 40 күн бойында ұлымның қайда екенін білмедік дейді анасы.

Оның сөзінше, арнайы қызмет өкілдері ұлы Фуркат Жураевты тергеу изоляторында ИМ-мен байланысы болды деген айыпты мойнына алғызу үшін соққыға жығып, әбден қинаған.

XS
SM
MD
LG