Ссылки доступа

Nakanune.kz сайтының журналисі Юлия Козлова ақталды (видео)


Оппозициялық Nakanune.kz сайты журналисі Юлия Козлова есірткі сақтау ісі бойынша ақталды.

Сот Юлия Козлова толық ақталуы тиіс деп қаулы етті. Одан сот пен тергеушілер талабы бойынша келу міндеті толық алынып тасталды, ал Козлова реаблитацияға, яғни Алматы ішкі істер департаменті қызметкерлері үстінен талап-арыз беруге құқылы деп танылды.

Бұдан бөлек судья Людмила Бектемірова істе тіркелген есірткінің қайдан алынғанын анықтау қажет деген жеке қаулы шығарды.

Юлия Козлованың ісін жүргізген тергеушілер Толғанай Ержанова мен Руслан Әлкеновке қатысты да жеке қаулы шықты – прокуратураға тергеу амалдарын жүргізу кезінде заң бұзғаны үшін екеуін жауапкершілікке тарту шарасын қарастыру жүктелді.

Юлия Козлованың адвокаты сот шешімін "сирек құбылыс" деп атады.

Еске сала кетейік Юлия Козлова есірткі сақтады деп айыпталған болатын. Оның үйіне 18 желтоқсанда Nakanune.kz сайты тапсырыспен мақала жазуда деген істі тергеуге байланысты тінту жүргізген. Мемлекеттік айыптаушы соттан оны 180 сағат бойында қоғамдық жұмысқа жегуді сұраған. Журналист Юлия Козлова өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды.

Юлия Козлова оправдана
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:14 0:00

XS
SM
MD
LG