Ссылки доступа

ССРО-ның бұрынғы президенті "Өмірдегі Горбачев" кітабын жарыққа шығарды


ССРО-ның экс-президенті Михаил Горбачев Мәскеуде "Өмірдегі Горбачев" деп аталатын кітабын жарыққа шығарды.

Тұсаукесер рәсімі Горбачевтың 2 наурызда 85 жасқа келетін мерейтойы қарсаңында өтті.

29 ақпанда Мәскеуде кітабын ұсынып тұрып Горбачев "Мен өзімнің өмірімді көп ойлаған сайын, ең үлкен өзгерістер мен оқиғалар кенеттен орын алғанын көремін" деді. Ол өзінің кітабы ресейліктерге қазіргі болып жатқан жайттарды түсінуге көмектеседі деп үміттенетінін айтты.

1985 жылы Совет одағын басқарып тұрған Гарбочев барынша ашықтық реформасы бағытында қайта құру саясатын енгізді. Нәтижесінде Орталық және Шығыс Еуропада социалистік жүйе күйреп, 1991 жылы Совет одағы тарады.

Кітапты құрастырған Владимир Поляков пен Карен Карагезьян бұл кітап Горбачевтың өзге кітаптарын қайталмайтынын, автор осыған дейін айтылмай келген өмірінің өте маңызды сәттерін еске алады деді.

XS
SM
MD
LG