Ссылки доступа

Ташкентте Алай базарын бұзып жатыр


Өзбек астанасында 29 ақпанда Алай базарындағы көкөніс павильонын бұзуды бастады.

Совет дәуірінде салынған бұл сауда орыны биліктің базарларды қайта құру саясаты бойынша жүзеге асырылып жатыр.

Алай базары түгелдей бұзылып, қайта салынады екен. Оның жұмысына 15 миллиар сум (қазіргі бағаммен шамамен 2,5 миллион доллар) бөлінген. Жұмыс Өзбекстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аяқталуы тиіс.

Алдын БАҚ 2016 жылдың аяғына дейін Куйлюктегі көтерме сауда базары да жабық павильонға көшіріледі деп жазған болатын.

XS
SM
MD
LG