Ссылки доступа

Қырғызстан футбол федерациясы пара алуды жоққа шығарады


Қырғызстанның футбол федерациясы (ҚФФ) британ депутатының ФИФА басшылығына үміткер болған Шейх Салман бин Ибрагим әл Халифтен пара алды дегенды жоққа шығарады.

"Бұл бүкіләлемдік федерацияға сайлау алдында Халифтің имиджін бұзу үшін жасалынған қара пиары", - деп мәлімдеді Associated Press-ке берген сұхбатында ҚФФ өкілі Наталья Угрюмова.

Өткен аптада Ұлыбритания парламентіндегі Консервативті партияның өкілі Дамиан Коллинз Шейх Салман 2013 жылы Азия футбол конфедерациясы басшылығына сайлау кезінде қырғыз федерациясына үлкен көлемде пара берді деп мәлімдеді.

Шейх Салманның өзі бұл айыптарды жоққа шығарады. Бұл пікір 26 ақпанда ФИФА президенттігіне өткен сайлаудан екі күн бұрын жарияланған болатын. Сайлау нәтижесінде швейцариялық Джанни Инфантино жеңіске жетті.

XS
SM
MD
LG