Ссылки доступа

БҰҰ: Сирияда аштық басталды


БҰҰ Сирияның мыңдаған азаматы аштықтың құрбаны болуы мүмкін екенін ескертті.

БҰҰ адам құқықтары жөніндегі Ведомствосының басшысы Зейд Раад Аль-Хусейн қоршауда қалған сириялық қалалардың 480 мың тұрғыны қиын-қыстау жағдайда қалғанын мәлімдеді.

"Әскери қақтығыстың өзінде адамдарды әдейілеп аштыққа ұшыратуға тыйым салынған", - деді Аль-Хусейн.

Гуманитарлық көмек миссиясының өкілдері Мадайя қаласында оншақты адамның аштан өлгенін мәлімдеді.

Бүгін, 1 наурызда гуманитарлық керуен бітімгерлік уақыты басталғалы алғаш рет қоршауда қалған Маадамия қаласына келді. Қызыл Жарты Ай ұйымы Дамаскіден оңтүстік-батыста орналасқан қалаға төсеніш, тағы басқа қажет зат тиеген 10 көліктің жеткенін хабарлады.

БҰҰ салыстырмалы түрде тыншыған сәтті пайдаланып, қоршауда қалған қалалардағы 154 мың адамға көмек таратып беруге мүмкіндік болаатынына үміттенеді.

XS
SM
MD
LG