Ссылки доступа

Пентагон ИМ-ге қарсы кибершабуылды үдетті


Пентагонның жоғары шенді өкілдері АҚШ-тың Сирия мен Ирактағы «Ислам мемлекеті» тобының содырларына қарсы кибершабуылды күшейткенін мәлімдеді.

Өңірге сонымен бірге америкалық арнайы жасақ бөлімдері де жеткізілген. АҚШ қорғаныс министрі Эш Картер компьютер мамандарының экстремистердің серверлерін істен шығарудың нәтижесінде содырлардың ескі құралдарға көшуге мәжбүр болғанын, сол арқылы олардың мәліметтерін ұстап алу жеңілдегенін мәлімдеді.

«Біз жаудың қашан, қайда және қалай әскери қимылға көшетінімізді білгенін қаламаймыз», - деді штаб қолбасшысы генерал Джозеф Данфорд.

Өз кезегінде Картер Иракта америкалық арнайы жасақ барын, олар Мосул қаласын азат ету үшін Ирактың үкімет әскерін дайындап жатқанын жеткізді.

Ирактағы америкалықтардың арнайы әскери тобында 200 адам бар, тағы 50 әскери Сирияға келген. Бұл сан аз көрінгенімен, АҚШ-тың өңірдегі әскери қуатының едәуір күшейгенін байқатады..

XS
SM
MD
LG