Ссылки доступа

Қырғызстанда «Маданият – Тарых - Тил» дейтін жаңа телеарна ашылды


1 наурыздан бастап санды телехабар таратудың әлеуметтік бөлігінде «Маданият - Тарых - Тил» деп аталатын жаңа телеарна эфирге шығады.

Бұл туралы Қырғыз телерадиокорпорациясы хабардар етті. Жаңа арна «Маданият» арнасының негізінде құрылған.

«Маданият - Тарых - Тил» көрерменнің мәдени-эстетикалық талғамдарынан шығуды және жас буынды тарих пен қырғыз тілімен таныстыра отырып, мәдени біртектілікті қалыптастыруды көздейді.

Жаңа телеарна HD форматында істейтін санды техника және студиямен жарақтанған.

ҚТРК баспасөз қызметі телеарнаның салтанатты ашылуына премьер-министр Темир Сариев, мәдениет, ақпарат және туризм министрі Алтынбек Максутовтың қтаысатындарын хабарлады.

XS
SM
MD
LG