Ссылки доступа

Қазақстанда алғаш рет Алғыс күні атап өтілуде


Алғыс айту күні Қазақстанда демалыс күніне жатпайды.

Алғыс айту күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен пайда болды. 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Назарбаев 1995 жылы аталған ұйым құрылған 1 наурызды алғыс күні ретінде атауды ұсынған. Президенттің пікірінше, бұл күн «барлық этностардың бір-біріне және өздерін туыстарындай қабылдап, қамқорлық жасаған қазақтарға алғысын білдіретін» күн болуы керек. Назарбаев өткен ғасырда Қазақстан жүздеген мың қуғындалған, жер аударылған, күштеп көшірілген өзге ұлт өкілдерін қабылдағанын еске салды.

Бұл күні елде түрлі шаралар ұйымдастыру жоспарланған. Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен алғыс айту күніне байланысты салтанатты шаралар өтеді. Қазақстан президенті Астана және Қазақстандық митрополит Александрмен кездеседі деп күтілуде.

XS
SM
MD
LG