Ссылки доступа

Тәжікстанда "ұлт Көшбасшысы" туралы лекциялар оқытылуда


Тәжікстан ұлттық университетінің бірқатар факультетінде ақпан айынан бастап «Эмомали Рахмон – жаңа Тәжікстанның негізін қалаушы» деген атпен лекциялар курсы оқытылуда.

Лекция Рахмонның билікке келген кезінен бастап, оның елде бйбітшілік орнатудағы еңбегін қамтиды. Университет ұстазының айтуынша, президенттің әр жылдары жазған кітаптарына шолу жасалады.

Ұлттық университеттің тарих факультетінің деканы Саймиддин Раджабов лекция барысында былтыр қабылданған «Бейбітшілік пен ұлттық бірліктің негізін қалаушы – ұлт көшбасшысы» туралы түсініктеме берілетінін айтады. Раджабовтың айтуынша, қазір университет басшылығы білім министрлігімен лекциялар курсын жеке пән ретінде оқыту бойынша келіссөз жүргізіп жатыр.

Былтыр кең көлемді үгіт науқанының нәтижесінде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон арнайы заңмен ұлт көшбасшысы атағын алды. Былтырғы жылдың желтоқсанында Эмомали Рахмон «Бейбітшілік пен ұлттық бірліктің негізін қалаушы – ұлт көшбасшысы» туралы заңға қол қойды. Бұл заң президент пен оның отбасына ерекше құқықтар береді. Эмомали Рахмон Тәжікстанды 1992 жылдан бері басқарып келеді.

XS
SM
MD
LG