Ссылки доступа

Бішкек жолдарында автожарыс ұйымдастырғандарды түрмеге жабады


Бішкек көшелеріндегі жолдарда автожарыс ұйымдастырғандар үш жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін.

Бішкек ҚІІБ Жол-патруль қызметінің арнайы батальон командирі Эрлан Атантаевтың айтуынша, осы күнге дейін автожарыс ұййымдастырып немесе той кортежімен жолды жапқандар әкімшілік жауапқа тартылып 1000 сомнан жоғары айып төлейтін.

«Қазір мұндай заң бұзушылық туралы шағым көп түсуде. Осыған орай автокөліктен беліне дейін денесін шығарған адам 3 мыңнан 5 мың сомға дейін айыппұл төлейді. Көшеде жарыс ұйымдастыратындар енді қылмыстық жаза арқалайды», - деді Атантаев.

Өткен аптада Оңтүстік магистраль және Бақаев көшесінің қиылысында 50 шақты белсенді Бішкектегі автожарыстарға тыйым салуды талап етіп митинг ұйымдастырды. Олар осындай түнгі жарыстардың кесірінен бір адамның қаза тапқанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG