Ссылки доступа

Тәжікстан билігі азаматтарын су мен азық-түлік қорын жасауға шақырды


Су тапшылығы, құрғақшылық және егіннің шықпай қалу қаупіне байланысты, Тәжікстан тұрғындарына су және азық-түлік қорын жасақтау ұсынылды.

Бұл туралы президент Эмомали Рахмонның басшылығымен өткен үкімет жиналысында мәлімделді. Жиын соңында сөз сөйлеген Рахмон 2016 жылы көктемнің ерте келуіне байланысты құрғақшылық пен су тапшылығы болуы мүмкін екенін ескертті.

Осыған орай Тәжікстан халқына қазірден ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді, бақтарды көптеп суғаруға және мүмкіндігінше судың мол қорын жасап алуға кеңес берілген.

Президент сонымен бірге мемлекеттік шараларға жұмсалатын шығындарды, аста-төк халықтық дәстүр мен салттарды қысқартуды тапсырған және тұрғындарға азық-түлік қорын жасау туралы кеңес берген.

XS
SM
MD
LG