Ссылки доступа

Сирияда журналистер оқтың астында қалды


Сирияда ресейлік және шетелдік 33 журналист оқтың астында қалды.

РФ қорғаныс министрлігінің өкілі Игорь Конашенковтың айтуынша, атыс Идлиб аймағындағы Дама ауылынан шыққан. Болгария, Канада және Қытай журналистері аздап жарақат алған.

Ақпарат көзінше, атысты бітімгерлік шарты жүрмейтін "Жебхат ан-Нусра" экстремистік тобының содырлары жасаған.

Өткен тәулікте бітімгерлік жөніндегі Ресей орталығы Сирияда 15 талапты бұзушылық орын алғанын хабарлайды. Атыс көбінесе Дамаскі мен Хомс, Алеппо және Латакия провинцияларында болған.

Дүйсенбі күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Сириядағы бітімгерлік талаптарының орындалуы бақылауға алынғанын мәлімдеп, дәл қазір бітімгерлік шарты сәтсіздікке ұшырады деп айтуға әлі ерте деді. Ал сириялық оппозиция болса, Башар Асад әскері шабуылды жалғастырып жатыр дейді.

XS
SM
MD
LG