Ссылки доступа

Бішкекте шаяндардың адамдарға шабуылдауы жиілеп кеткен


Астананың "Ақ-Жар" жаңа құрылысында шаянның адамға шабуыл жасаған оқиғасы осымен екінші рет тіркелді. Бұл жолы 35 жастағы ер адам зардап шеккен.

Шаян оның аяғын шағып алған. Зардап шегуші орталық аураухананың токсикология бөлімінде жатыр.

Дәл осы жаңа құрылыста шаян 9 жастағы баланы шағып алған еді. Жедел жәрдемнің жансақтау бөлімінің меңгерушісі Егор Борисовтың сөзінше, улы жәндік оның мойнына жабысқан. Ата-аналары жәндікті өлтіріп, бірден дәрігер шақырған. Бала қазір үйінде ем қабылдап жатыр.

Борисов мұндай оқиғалар алдын да көп кездескенін айтады. Улы шаян әсіресе "Ақ-Жар", "Ақ-Бата", "Калыс-Ордо" және "Дордой" жаңа құрылыстарында көптеп кездеседі екен.

Мамандар егер улы жәндік шағып алған жағдайда, уды шығарып, шаққан орынға мұз басып, бірден дәрігер шақыру керек деп кеңес береді.

XS
SM
MD
LG