Ссылки доступа

Өзбекстанда интернеттен қорғану әдістерін үйрететін оқу құралы шықты


Өзбекстанның мұсылмандар басқармасы (ӨМБ) республика көлемінде "Интернет қатерінен сақтану" деп аталатын оқу құралын таныстырып жатыр.

Бұл кітап 2015 жылдың аяғында жарық көрген болатын әрі жылдың ең үздік кітабы деп танылды.

Кітаптың авторы, Өзбекстанның мұсылмандар басқармасы төрағасының орынбасары шейх Абдулазиз Мансур оқу құралының мақсаты интернетті қаралау емес, керісінше оны ақылмен қолдануға үйрену деді.

"Кітапта интернетті қалай қолдану тәсілі көрсетілген. Онда сонымен бірге интернетті орынсыз пайдалану арқылы орны толмас өкінішке ұрындырған өмірден алынған мысалдар келтірілген. Біз мұндай оқиғалардың қайталанбауы үшін дайындадық", – дейді шейх Абдулазиз Мансур.

IT-технология мамандарының мәліметінше, Өзбекстанда 11 миллионға жуық адам, яғни елдің 38 проценті интернетті пайдаланады.

XS
SM
MD
LG