Ссылки доступа

Бала күтуші әйел сәбиді өлтіруге "Аллах әмір берді" деген


Төрт жастағы сәбиді хайуандықпен өлтірген Гюльчехра Бобокулова адам шошырлық әрекетті "Аллахтың әмірімен жасадым" деп жауап берген.

Сотта Өзбекстанның тумасы Гюльчехра Бобокулова өзінің кінәсін мойындап, өкінген. Алдын ол тергеу ісіне айыбын мойындайтын куәлік берген. Сот тергеу ісінің Бобокулованы 29 сәуірге дейін тұтқындау жөніндегі өтінішін қанағаттандырды.

Бобокулова дүйсенбі күні, 29 ақпанда "Октябрьское Поле" метросының станциясында ұсталған. Оның қолында кішкентай сәбидің басы болған. Тергеудің алдын ала болжамы бойынша, ол баланың ата-анасының үйден шығуын күткен, кейін қызды өлтіріп, пәтерге өрт қойған.

Тергеуші сотта күдіктіде "азғырушы мен сыбайлас" анықталмады деді. Интернетте жарияланған видеода Бобокулова орыс тілінде "Мен террористпін, мен өлемін, бірақ барлықтарың жазаланасыңдар" деп айқайлайды.

XS
SM
MD
LG