Ссылки доступа

Түркіменстанда арнайы қызметтің жаңа басшысы тағайындалды


Түркіменстанның мемлекеттік телеарналары сәрсенбі күні ел президенті Гурбангулы Бердымухамедов Түркіменстанның жаңа ұлттық қауіпсіздік министрін тағайындағанын хабарлады.

Онда бұрынғы министр Гуйчгелди Ходжабердиевтің денсаулығына байланысты қызметінен кеткені айтылған. Оның ізбасары Кеден қызметін басқарған Доврангелды Байрамов ұлттық қауіпсіздік министрлігінің тізгінін ұстады.

Соңғы айларда Бердымухамедов экономикалық дағдарыс үдеп, мұнай бағасы түсіп жатқанда бірнеше рет кадрлық өзгерістер жасады. Ақпан айында президент әкімдігінің басшысы болған Палван Таганов қызметінен алынды.

Гуйчгелди Ходжабердиев ұлттық қауіпсіздік министрі қызметіне өткен жылдың қазан айында тағайындалған болатын. Оған дейін Тәжікстан президентінің қауіпсіздігі қызметін атқарған.



XS
SM
MD
LG