Ссылки доступа

БҰҰ өкілі Тәжікстандағы сөз бостандығын бағалауға келді


БҰҰ Жаңалықтар орталығы БҰҰ-ның арнайы өкілі Дэвид Кей «елдегі сөз бостандығы мен журналистердің, белсенділердің қауіпсіздігі және жария талқылаудың деңгейін» бақылайтынын хабарлады.

Ресми дерек бойынша Тәжікстанға келген БҰҰ-ның сөз бостандығы бойынша арнайы өкілі жоғары лауазымды тұлғалармен, БАҚ, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесіп, БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі Кеңесіне арнайы есеп дайындайды.

БҰҰ-ның арнайы өкілі келген Тәжікстан туралы халықаралық ұйымдар азаматтық бостандықтарды шектейтін ел ретінде атайды. Freedom House құқық қорғау ұйымы соңғы есебінде Тәжікстан мен Орталық Азияның өзге мемлекеттерін "еркіндік шектелген" елдер тізіміне қосты. Құқық қорғаушылар президент Эмомали Рахмон билігі оппозициялық Тәжікстанның исламдық өркендеуі Партиясының былтыр наурызда өткен сайлауда парламенттен бірде бір орын алмауына барын салды деп санайды.

Екі бірдей халықаралық құқық қорғау ұйымы - Human Rights Watch және Norwegian Helsinki Committee жақында Тәжікстан билігінен барлық саяси тұтқындарды босатуды талап етті.

XS
SM
MD
LG