Ссылки доступа

Қырғызстандағы медициналық академия қызметкерінің өлімін тексеруді талап етеді


Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Абдыкерим Гапаровтың 26-ақпанда пара алып жатқан жерінде жүрек талмасынан қайтыс болғанын хабарлаған еді.

Құзырлы органның бұл мәлімдемесінен кейін елде үлкен дау туып отыр.

И. Ахунбаев атындағы Қырғыз медициналық академиясының ұжымы ел басшылығына үндеу жолдады. Оқу орнының баспасөз хатшысы Абибила Пазыловтың айтуынша, Гапаровтың өліміне оны ұстау кезіндегі заңсыздықтар себеп болды:

- Терроршыны немесе аса қауіпті қылмыскерді ұстағандай оны тұтқындауға оннан астам адам келген. Адамның ауырып отырғанын айтқанымызға қарамай, оның кабинетіне ешкімді кіргізбей қойды. Осылайша тұтқындау және тінту талаптарын өрескел бұзды. Оның арты кісі өліміне әкелді. Олар науқас адамға бірінші көмек те көрсетпеді және ондай көмектің қажет екенін айтпады да. Адам өлген соң, олар құжаттарын көрсетпестен тез кетіп қалды.

Қазір Абдыкерим Гапаровтың өлімімен аяқталған оқиғаның жай-жапсарын Октябрь аудандық прокуратурасы және аудандық ішкі істер бөлімімен бірге Бас прокуратура анықтауда.

XS
SM
MD
LG