Ссылки доступа

Назарбаев:экономиканың әлсіреуіне Ресей мен Қытай ықпал етті


Қазақстан президенті ел экономикасына Қытайдағы экономикалық өсімнің баяулауы мен Ресейдегі тоқыраудың кері әсер еткенін мәлімдеді.

Астанада 2-наурызда дипломатиялық елшілік өкілдерімен кездескен Нұрсұлтан Назарбаев: " Біздің "үлкен көршіміз" әрі сауда жағынан басты әріптесіміз Ресейдің экономикасының құлдырауы мен оған салынған санкциялар бізге де кесірін тигізді. Алыс-беріс 20-25 пайызға төмендеді.", - деп мәлімдеді.

- Қытайдағы экономикалық өсімнің тежелуі де бізге салдарын тигізеді. Бұл жағдайды мен "жаңа шынайы жағдай" деп атаймын, бәрімізге мұнай, газ, металл бағаларының төмендігіне үйренуге тура келеді - деді ол. - Бұл оңай емес. Жақсы өмірге адам тез үйренеді және өзін тоқтатуы қиын.

Президенттің айтуынша, бұған қарамастан биыл Қытайдан Қазақстан арқылы Еуропаға контейнермен жүк тасымалдау көлемі екі есеге дейін өспек.

«Қазақстанның транзиттік аумақ ретіндегі маңызы айқын. Қытай-Қазақстан-Еуропа бағытындағы контейнерлер ағыны 2013 жылғы 6 000-нан 2015 жылы 48 000-ға дейін өсті, ал 2016 жылы оның саны 95 000 контейнерге жетеді, мұндай бұрын-соңды болған емес.", - деді Назарбаев.

XS
SM
MD
LG