Ссылки доступа

ЮНИСЕФ Иранда тұтқындалған бұрынғы әріптесіне алаңдайды


БҰҰ Балалар қоры Иранда түрмеде отырған ЮНИСЕФ-тің бұрынғы қызметкерінің денсаулығына алаңдайды.

Бакер Намази Иранда 22 ақпан күні ұсталып, Тегерандағы "Эвин" түрмесіне жеткізілген еді. Онда өткен жылдың қазан айынан бері ұлы Сиамак отыр. Намазидің үлкен және кіші ұлдарында Иран мен АҚШ азаматтығы бар.

80 жастағы Бакер Намази зейнетке шыққанға дейін 1996 жылдары Иран провинциясының губернаторы және ЮНИСЕФ-тің африка елдеріндегі өкілі болып жұмыс істеген. "ЮНИСЕФ-тің қазіргі және бұрынғы қызметкерлері Бакердің денсаулығына қатты алаңдаушылық білдіреді. Біз оның жақын күндері жақындары мен туыстарының қасына барады деген үміт білдіреміз", - делінген ЮНИСЕФ мәлімдемесінде.

Бакер Намазидің әйелі оны жүрек ауруымен ауыратынын, оған тұрақты медициналық көмек керек екенін айтады. Бакерге және оның ұлы Сиамакқа әлі ресми айып тағылған жоқ. Сиамак Намазидің жақтастары ол реформаны жақтайтындар мен қазіргі жүйені қалайтындар арасындағы қарсыласудың саяси құрбаны болып кетті деп есептейді.

Өткен аптада Иранда өткен парламент сайлауы қарсаңында орталықшылдар мен реформаторлар өздерінің позицияларын күшейтті.

XS
SM
MD
LG