Ссылки доступа

АҚШ вице-президенті Байден Таяу Шығысқа бара жатыр


АҚШ вице-президенті Джо Байден Иран мен Сирия мәселесін және экономикалық, энергетикалық қызығушылықтарын талқылау үшін Таяу Шығысқа бара жатыр.

Ақ үйдің мәлімдеуінше, Байденнің сапарына Біріккен Араб Әмірлігі, Израил және Иорданияның Батыс жағалауы да кіреді.

Вашингтоннан 5 наурызда жолға шыққан Байден Израил премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен және палестиналық автономияның басшысы Махмуд Аббаспен кездеседі.

Алайда Ақ үйдің хабарлауынша, күн тәртібінде ешқандай израил-палестиналық шиеленісті талқылау қарастырылмаған. Себебі Ақ үй екі тараптың да бейбіт келісімге келу үшін саяси ерік-жігер танытатынына сенбейді.

XS
SM
MD
LG