Ссылки доступа

Эмомали Рахмон: "Дәрігердің қателесуге құқығы жоқ"


4 наурызды Тәжікстан астанасында жаңадан салынған "Истиклол" медициналық орталығы пайдалануға берілді.

Тәжікстанда ең ірі медициналық орталық болып саналатын мекеменің ашылуына президент Эмомали Рахмон келді.

650 орындық көппрофильді "Истиклол" медициналық орталығының құрылысына 11 млн. доллар жұмсалған.

Орталықтың ашылу салтанатында онда 3,5 мыңға жуық дәрігер, медбике және өзге медициналық қызметкерлердің жұмыс істейтіні айтылды.

Медициналық орталық бастапқыда "Пойтахт-90" деп аталған, бірақ президенттің тапсырмасымен "Истиклол" деп қайта өзгертілген.

Мемлекеттік басшының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Эмомали Рахмон медициналық орталықтың ашылу салтанаты кезінде "шын дәрігер мейірімді, өзінің жұмысын шынайы жанымен, адал жүрегімен істеуі тиіс" деген. Ал ғимараттың кіреберіс залында ел президентінің "Дәрігердің ешқашан қателесуге құқығы жоқ" деген сөздері ілініп тұр.

Медициналық орталықта Ресей, Қытай, АҚШ, Жапония, Германия, Финляндия және Чехияда жасалған 620 жаңа медициналық жабдық орнатылған деп хабарлайды Тәжікстан президентінің баспасөз қызметі.

XS
SM
MD
LG