Ссылки доступа

Ресейліктердің үштен бірі президент ретінде әйелді көргілері келеді


Ресейліктердің үштен бірі алдағы 10–15 жылда елді әйел адамның басқаруын қалайды.

Осылай деп "Интерфакс" "Левада-центр" сауалнама орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Сауалнамаға жауап беруші әйелдердің 44 пайызы мен ер адамдардың 21 пайызы мемлекет басшылығынан әйел адамды көргісі келетіндіктерін айтқан. Алайда олардың тең жартысы елде мұндай өзгерістің қаламайтындықтарын айтқан. 2014 жылы дәл осындай сауалнамаға әйел президентті қолдаймыз деп 46 пайыз ресейлік жауап берген.

Жалпы алғанда ресейліктердің үштен бірі әйелдердің үлкен саясатта болғанын қалайды.

XS
SM
MD
LG