Ссылки доступа

Обама Кабулды тәлібтермен келіссөзді жалғастыруға шақырды


АҚШ президенті Барак Обама 4 науырзда бейнеконференция арқылы Ауғанстан президенті Ашраф Ганимен сөйлескенде «Талибан»қозғалысымен бейбіт келіссөз жүргізе беруге үндеді.

Ақ үйдің хабарлауынша, Обама АҚШ-тың зорлық-зомбылықтың азаюына және Ауғанстан мен өңірдегі тұрақтылықтың иорнауына себеп болатын келіссөздерді жақтайтынын білдірген.

Обама «Талибанмен» ымыраласуда және аймақтық әріптестік орнатуда, Ауғанстанның көршілерімен байланыс жасауында Ашраф Ганидың рөлі жоғары екенін атап өткен.

АҚШ президенті сонымен қатар, «терроризммен» «күрестегі міндетін ерлікпен атқарып жатқан» Ауғанстанның қауіпсіздік күштерін мақтаған.

XS
SM
MD
LG