Ссылки доступа

Ресей Түркияны «терроршыларды ашықтан ашық қолдағаны» үшін айыптауда


Сириядағы қақтығысушы тараптарды татуластыру бойынша ресейлік Орталықтың бастығы генерал-лейтенант Сергей Кураленко осылай мәлімдеді.

Оның сөзінше, Түркия аумағынан «Джибғат ан-Нусра» және «Ахрар Аш-Шам» секілді Ресейде тыйым салынған тероорлық топтардың бақылауындағы аймаққа материалды жабдық пен қару тиеген үлкен жүк көліктерінің күні-түні қатынап жатыр.

Сирия оппозициясы өз кезегінде президент Башар Асадты жақтайтын күштер көтерілісшілердің шептерін атқылауды тоқтатпаған.

Франция Ресей мен АҚШ арасындағы Сирияда оқ атуды тоқтату шарттары туралы келісімге қарамастан, сириялық оппозициялық құрылымдарына шабуыл жасау тоқтамағанын хабарлады.

Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Сириядағы оқ атуды тоқтату режимі бұзылғанбарлық оқиғалардың бақылауда екенін және әзірге бітімгерліктің жүзеге аспағаны туралы айтуға ертерек екенін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG