Ссылки доступа

Түрмедегі тәжік оппозиционерлеріне туыстарымен кездесуге рұқсат етілді


Тәжікстан билігі бес ай бұрын тұтқындалған Тәжікстанның исламдық өркендеу партиясының (ТИӨП) мүшелеріне тұңғыш рет туыстарымен кездесуге рұқсат берді.

Қысқа кездесуден бөлек, кейбір туыстарына Тәжікстан МҰҚК тергеу оқшаулағышында өтіп жатқан сот процессіне қатысуға да мұрсат еткен.

Тәжікстанның Жоғарғы сотының судьясы Сафарали Норов ТИӨП-тің ұсталған мүшелерінің ісі «құпия» деп танылғандықтан сот отырысының жабық өтетінін және туыстарының тек куәгер есебінде қатыса алатынын мәлімдеді.

ТИӨП-тің 13 жетекшісі былтыр қыркүйекте Тәжікстанның қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Абдухалим Назарзоданың бүлігіне қатысы бар деген айыппен тұтқындалған. Олар "бүліктің" партияның республика аумағындағы қызметіне тыйым салуға сылтау болғанын айтып, айыптауларды мойындамайды.

Халықаралық ұйымдар бұл партияның 200-ге дуық белсендісі мен жақтастарының ұсталғанын және кейбірінің азаптауға ұшырағанын жариялады.

Тәжікстанның Жоғарғы соты 29 қыркүйекте партияны террорлық ұйым деп танып, оның қызметіне тыйым салды.

XS
SM
MD
LG