Ссылки доступа

Қырғызстандағы мектептердің жартысынан көбін 2017 жылға дейін интернетке қосады


Білім министрлігінің өкілі Лира Самыкбаева Қырғызстандағы 2,2 мың мектептің небәрі 401-і инетрнетке қосылғанын мәлімдеді.

Маманның айтуынша 2017 жылға дейін тағы 606 мектепті интернетке қосу көзделген. Бұған республика бюджетінен 100 миллион сом бөлінген. Қалған 1,2 мың мектеп 2020 жылға қарай интернетке кіреді.

«Алай, Чаткал, Нарын секілді шалғайдағы таулы өңірлерде тіпті телефон байланысы жоқ. Ең алдымен онда телефон стансасын орнату қажет жұмыс біртіндеп істеледі», – деді Самыкбаева.

Мектептерді интернетке қосу шарасы «Ақылды мектеп» бағдарламасының аясында жүзеге асуда.

XS
SM
MD
LG