Ссылки доступа

Түркіменстан президенті елдің бас синоптигін теріс ауа-райы болжамы үшін жұмыстан босатты


Түркімен президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов 4 наурызда гидрометеорология  жөніндегі Ұлттық комитеттің жетекшісін қызметінен босатты.

Түркіменстан президенті қосымша елдің үкіметін де басқарады. кадрлық ауыс-түйістерді жақында өзі өткізген үкімет кеңесінде жасаған.

Бердімұхаммедов гидрометеорология жөніндегі Ұлттық комитеттің жетекшісі Батыр Халлыев пен оның орынбасарының жұмысына көңілі толмаған.

«Гидрометеорология жөніндегі Ұлттық комитет үшін біз жаңа заманғы әкімшілік ғимаратын салдық, қаржы жағынан көмектестік, керек құралдарын сатып алып бердік. Батыр Халлыев осыдан кейін ауа-райы болжамының дәл болатынына сөз берген. Алайда соңғы кездері ауа-райы болжамының шындыққа сай келмей жатқан кезі тым жиілеп кетті», – дейді Бердімұхамедов.

Түркіменстан президенті бұл ауыл шаруашылығы жұмыстарына кері әсер ететінін, көлік жүйесінің жұмысына және бұқаралық мәдени шараларды өткізуге жұмысына кедергі келтіретінін, адамдарға қолайсыздықтар тудыратын жалған болжамдардың материалдық және моральдық зиян әкелуі мүмкін екенін мәлімдеген.

2010 жылдан бері комитет жетекшісі болған Батыр Халлыевтың орнына Бегенч Миминов тағайындалды.

XS
SM
MD
LG